Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің негізгі мақсаты (бұдан әрі – Қызмет) – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Орталық қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ КМК қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуын мониторингтеу болып табылады.

Қызметтің міндеттері:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы нормативтік талаптар мен озық халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету;
  • Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
  • Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесінің тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету;
  • комплаенс бағыттары бойынша бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру.

Call-орталық: 8 701-006-30-38

WhatsApp Call-орталығы: 8 700-730-03-83

Комплаенс-офицер: Нусипов Бек Жакашбаевич