
Операциядан, жарақаттан немесе инсульттен кейін жоғалған функцияларды қалпына келтіру және өмір сапасын жақсарту үшін толыққанды оңалтудан өту маңызды.
Алматы қаласындағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада пациенттер медициналық оңалтудың екінші кезеңінен стационар жағдайында өте алады.
Бөлімшеде қалпына келтірудің заманауи технологиялары, роботтандырылған жабдықтар, емдік дене шынықтыру, кинезотерапия, массаж, физиотерапия және сумен емдеу процедуралары қолданылады.
Бөлімшенің мүмкіндіктері, емдеудің заманауи әдістері және оңалту көмегін ұйымдастыру туралы ОҚКА оңалту бөлімшесінің меңгерушісі, Алматы қаласының штаттан тыс реабилитологы Айгүл Түрекулова айтып береді.
ОҚКА — қалпына келу жолындағы кәсіби көмек пен заманауи технологиялар!
