ОҚКА-да кезекті жұмыс кеңесі өтті

Орталық қалалық клиникалық ауруханада директор Алмат Чормановтың төрағалығымен кезекті жұмыс кеңесі өтті.

Кездесу барысында мемлекеттік тапсырыстың орындалуы, ауруханадағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ жансақтау бөлімінде жатқан пациенттердің жағдайы қаралды.
Бөлім меңгерушілері бөлімшелердің ағымдағы жұмысы, қызметтің негізгі көрсеткіштері және ерекше назар аударуды талап ететін мәселелер бойынша баяндама жасады.
Кеңес қорытындысы бойынша әр бағыт бойынша алдағы міндеттер айқындалып, медициналық көмек көрсету сапасын арттыру және бақылауды күшейту бойынша тиісті тапсырмалар берілді

ОҚКА-да кезекті жұмыс кеңесі өтті