Жарақат алып қалдыңыз ба? Буындарыңыз ауырып, қозғалысыңыз шектеле ме? Ота қажет болуы мүмкін деген күдік бар ма?
Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының ақылы травматология және ортопедия бөлімшесінде тірек-қимыл жүйесінің жарақаты мен ауруларына заманауи әдіспен хирургиялық ем жүргізіледі.
👨⚕️ Пациенттерді тәжірибелі травматолог-ортопед хирург мамандар қабылдап, қажетті емді жеке жағдайына қарай жоспарлайды.
Бөлімшеде:
🔹 ірі буындарға артроскопиялық ота;
🔹 буынды эндопротездеу;
🔹 сүйек сынығын хирургиялық жолмен бекіту – остеосинтез;
🔹 қалпына келтіру және пластикалық ота жасалады.
Диагностика мен дәрігер кеңесінен бастап хирургиялық емге және оңалтуға дейінгі барлық кезеңде пациенттің жағдайы ескеріледі. Емдеуде заманауи медициналық технология қолданылады.
Ақылы медициналық көмек Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ қажетті медициналық көмекті МӘМС аясында алуға мүмкіндігі жоқ шетел азаматтарына көрсетіледі.
📞 Травматолог-ортопедтің кеңесі қажет пе?
Дәрігер қабылдауына жазылып, өзіңізге қандай емдеу тәсілі қажет екенін анықтаңыз.
📱 8 700 006 3038
📱 8 702 111 8211
📍 Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасы
Қозғалыс еркіндігін қалпына келтіруге алғашқы қадамды бүгін жасаңыз. Дәрігер кеңесіне жазылыңыз.
