
Жеке қабылдау барысында қала тұрғындарының медициналық көмек көрсету және емдеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша өтініші қаралды.
Мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, халықтың өтінішін жедел шешуге және медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған.
Азаматтарды қабылдау әр сәрсенбі сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.
Қабылдау барысында тұрғындар қаладағы денсаулық сақтау саласына қатысты сұрақ, ұсыныс және мәселелерімен жүгіне алады.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов азаматтарды қабылдады.
