Құны 5 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін омыртқаға жасалатын заманауи жоғары технологиялық операциялар Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында медициналық көрсетілімдер болған жағдайда МӘМС және ТМККК шеңберінде тегін жүргізіледі.
Марат Алматов омыртқа аурулары, эпилепсия, сколиоз, инсульт пен бас-ми жарақаттарының салдары кезінде күрделі операциялар жасайды. Сондай-ақ ми қан тамырлары аурулары, созылмалы ауырсыну синдромдары және қозғалыс бұзылыстары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
АЛМАТЫДА ҚҰНЫ 5 МЛН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ОМЫРТҚАҒА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ




