
Оқиға көлік жөндеу барысында болған – ұшып кеткен металл сынығы тікелей көзге тиген.
Офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Гульзат Абдраимова бастаған мамандар тобы МӘМС аясында шұғыл ота жүргізді.
Дәрігерлердің кәсіби біліктілігінің арқасында көзден бөгде зат сәтті алынып, науқастың көру қабілеті аман қалды.
«Мұндай жағдайда бірден медициналық көмекке жүгіну өте маңызды. Тіпті кішкентай сынықтың өзі ауыр асқынуға әкелуі мүмкін», – деп атап өтті Гульзат Абдраимова.
Медицина мамандары металмен және құралдармен жұмыс істеу кезінде қорғаныш көзілдірігін қолданудың маңызын еске салады. Бұл көз жарақатының алдын алудың қарапайым әрі тиімді тәсілі.
ОҚКА тәжірибелі офтальмологтар тобы ТМККК және МӘМС жүйелері аясында кез келген уақытта жедел әрі білікті көмек көрсетуге дайын екенін хабарлайды.




