Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында бірегей ота жасалды. Ортопедтер 26 жастағы науқастың қозғалу қабілетін қалпына келтірді.
Орталық қалалық клиникалық ауруханаға ауыр ревматоидты артритпен ауыратын 2-топтағы мүгедектігі бар 26 жастағы науқас түсті. Аурудың кесірінен науқас оң аяғын жаза алмай, тек қана балдақ көмегімен қозғалған. Жағдайдың асқынуына байланысты дәрігерлер тізе буынын эндопротездеу бойынша ота жасау туралы шешім қабылдады.
“Отаның екінші кезеңінде біз сіңірді оның бекітілген жерінен кесіп тастадық, бұл қабынудың көзін жоюға және буынның қозғалғыштығын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Енді науқас аяғын қайтадан қозғалта бастайды және біртіндеп әдеттегі өміріне оралады”, – деді ортопед Саламат Тойымбетов.