Алматылық дәрігерлер күрделі гемофилия диагнозы қойылған науқастың аяғына ота жасап, өмірін сақтап қалды  ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

Алматылық гематологтар мен травматологтар күрделі гемофилия диагнозы қойылған науқастың аяғына ота жасап, өмірін сақтап қалды.

Орталық қалалық клиникалық ауруханада травматолог және  гематолог дәрігерлер күшін біріктіре отырып, күрделі мәселенің шешімін тауып, науқастың толыққанды өмір салтына оралуына үміт сыйлады. 37 жастағы гемофилия және оған қосымша аурулары бар науқастың  оқиғасы  дәрігерлердің кәсібилігі мен  өзара күшін біріктіруі  адам өмірін  сақтап қалуға мүмкіндік беретінінің жарқын көрінісіне айналды.  Орталық қалалық клиникалық аруханаға екі жіліншік сүйегі сынған науқас келіп түсті, ол жарақатты баласына ойын барысында көмек көрсетемін деп абайсызда алған. Науқасқа ота жасаудың қиындығы оның гемофилиямен ауруында болды, яғни оның қанының ұю қабілеті жоқ, бұл науқасқа ота жасау барысында ғана емес жалпы алынған кез келген жарақат салдарынан көп қан жоғалту қаупінің басымдығында.  Травматологтар Берік Ирғалиев, Дәулет Чукманов және гематологтар Нұрайля Нұраш, Сәуле Қыстаубаева және Ирада Бижкеновалардың   бірлескен күш-жігерінің арқасында – өзекшені пайдалана отырып, жіліншік сүйектерінің сынуының жабық репозициясы және жабық блоктаушы интрамедуллярлық остеосинтез  пайдалану арқылы ота сәтті жасалды.

“Отаның  қиындығы науқаста көп қан жоғалту қаупі басым болды, қан кеткен  жағдайда біз оны тоқтата алмаймыз. Бірақ ота барысында қанның ұюын бақылап, оны қан жоғалту қаупінен сақтауды  қамтамасыз еткен гематологтарымыздың арқасында біз отаны сәтті жасап, науқасты аяғына тұрғыза алдық. Науқас отадан  кейінгі 4-күні гематологтардың сәтті көмегі мен қолдауының арқасында үйге  шығарылды”, – дейді Берік Иргалиев. Бұл жағдай әр түрлі медицина мамандарының бірлескен жұмысы ең қиын жағдайды да  шешуге көмектесе  алатынын және науқастың   болашаққа деген үмітін қайтаратынын анық көрсетеді. Көптеген басқа науқастар үшін мұндай ота бұрын мүмкін болмаған. Бірақ медициналық кәсіпқойлықтың үздіксіз дамуы мен Орталық қалалық клиникалық ауруханадағы ең жаңа жабдықтардың арқасында ең қиын жағдайлар да шешіледі.

Алматылық дәрігерлер күрделі гемофилия диагнозы қойылған науқастың аяғына ота жасап, өмірін сақтап қалды ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.