5 – ҚАБАТТАН НАУҚАС ҚҰЛАП -АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ОҚКА ДӘРІГЕРЛЕРІ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАП, ЖАМБАС АСТАУЫНЫҢ АНАТОМИСЫН САҚТАП ҚАЛДЫ

Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне бірнеше дене жарақатын алған науқас шұғыл жеткізілді.

Куәгерлер мен жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, ер адам жұмыс орнында шамамен 5 қабаттан құлаған

Жедел жәрдем бригадасы жәбірленушіні жедел түрде ОҚКА-ға жеткізді, оны травматолог-дәрігерлер қабылдады.

Алдын ала диагноз бойынша: сол жақ иық сүйегінің сынуы; сол жақта қасаға және жамбас астауының сүйек фрагменттерінің ығысуы сол жақта мықын сүйегінің денесі мен қанатының жабық сынуы, фрагменттердің ығысуы, сондай-ақ сол жақ шынтақ буынындағы көгерген жара.

Науқастың жағдайы ауыр болды және жедел хирургиялық араласуды қажет етті.

Сайджон Абдурахимовтың жетекшілігімен анестезиологтар тобының кәсіби жұмысының арқасында травматологтар Дәулет Чукманов пен Нұржан Нұралы күрделі отаны — пластиналар мен бұрандаларды пайдалана отырып, ашық репозиция мен остеосинтезді сәтті жүргізді. Хирургиялық араласу екі сағатқа созылды және асқынусыз өтті.

Науқас дәрігерлердің бақылауымен аралас жарақат бөліміне ауыстырылды, онда отадан кейінгі оңалту курсы өтеді.

Жедел жәрдем бригадасынан бастап ота жасаушы топқа дейінгі барлық медицина қызметкерлерінің біріккен әрекеттері науқастың өмірін сақтап, зақымдалған сүйектер мен буындардың қызметін сақтап қалды.

Науқастардың денсаулығы — біздің басты басымдығымыз!

5 – ҚАБАТТАН НАУҚАС ҚҰЛАП -АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ОҚКА ДӘРІГЕРЛЕРІ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАП, ЖАМБАС АСТАУЫНЫҢ АНАТОМИСЫН САҚТАП ҚАЛДЫ