
2026 жылдың басынан бері Алматы қаласындағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада операциялық микроскоп пен нейромониторинг жүйесін қолдану арқылы 500-ден астам нейрохирургиялық операция жасалды. Олардың қатарында жұлын мен омыртқа ісіктерін алып тастау, сондай-ақ омыртқаның дегенеративті ауруларын емдеу бойынша операциялар бар.
Аталған жабдық хирургтерге жүйке құрылымдарының ең ұсақ бөліктерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл операциялардың дәлдігін арттырып, жүйке құрылымдарының зақымдану қаупін төмендетеді.
Осындай жағдайлардың бірі – жұлын ісігін алып тастау операциясы. Операцияны нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Алматов орындады.
Пациент ауруханаға қимыл-қозғалыс функцияларының айқын бұзылыстарымен түсті. Ісік жүйке құрылымдарына тікелей жақын орналасқандықтан, операция барысында аса жоғары дәлдікті талап етті.
Операциялық микроскоп пен нейромониторинг жүйесінің көмегімен дәрігерлер ісікті толық алып тастап, операция барысында жүйке жолдарының функционалдық жағдайын бақылауға мүмкіндік алды.
Операцияда�
