
Республика күні қарсаңында Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының директоры Алмат Чорманов ұжымды мерекемен құттықтап, қызметкерлерге кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін алғыс білдірді.
Салтанатты шара барысында қала тұрғындарының денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты», сондай-ақ ОҚКА директорының грамоталары табысталды.
«Халқымыз азаттық пен тәуелсіздікке жету жолында талай сынақтан өтті. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, бейбітшілік пен молшылық тілеймін. Республика күні құтты болсын!» — деп құттықтады Алмат Чорманов.
Мерекелік шара концерттік бағдарлама мен интерактивті викторинамен жалғасын тапты. Іс-шара ұжым мүшелерінің басын қосып, елге деген мақтаныш сезімін арттырып, медицина қызметкерлерінің еңбегіне деген құрметті айқындай түсті
