Қазақстан Республикасының күні қарсаңында Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының қызметкерлері патриоттық челленджге қатысты.
Отан — әрқайсысымыз үшін туған жер, елдің амандығы мен халықтың саулығы, мейірім мен қамқорлық, жарқын болашақ.
Медицина қызметкерлері күн сайын қала тұрғындарының денсаулығын сақтап, олардың сауығуына және әл-ауқатының жақсаруына үлес қосып келеді.
Отан десек, ойымызға ең алдымен Қазақстан келеді!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елімізде бейбітшілік болып, өркендей берсін!
🇰🇿 Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасы «Отаным десем, ойыма…» челленджіне қосылды
