Қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері дағдарыс орталығы мен Қалалық паллиативтік көмек орталығында профилактикалық тексеру жүргізді

Қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері дағдарыс орталығы мен Қалалық паллиативтік көмек орталығында профилактикалық тексеру жүргізді


Қала күнін мерекелеу аясында Орталық қалалық клиникалық аурухананың мамандары қалалық дағдарыс орталығы мен Қалалық паллиативтік көмек орталығына барды.


Дағдарыс орталығындағы әйелдер кешенді медициналық тексеруден өтіп, кардиолог, эндокринолог, офтальмолог, гинеколог және невролог мамандарынан кеңес алды.


Медицина қызметкерлері электрокардиография (ЭКГ) жүргізіп, көру қабілеті мен көз түбін тексерді, артериялық және көз ішілік қысымды өлшеді, қандағы қант деңгейін анықтады. Тексеру нәтижелері бойынша мамандар тиісті ұсынымдар беріп, диагноздарды нақтылап, әрі қарай медициналық бақылау тактикасын белгіледі.


Қалалық паллиативтік көмек орталығында дәрігерлер медициналық консультациялар беріп, профилактикалық тексерулер жүргізді.


Сонымен қатар, Орталық қалалық клиникалық аурухананың мамандары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босап шыққан әйелдерге арналған баспанаға барып, медициналық консультациялар мен профилактикалық тексерулер өткізеді.


Мұндай іс-шаралар ауруларды дер кезінде анықтауға, профилактикалық шараларды жүргізуге және асқыну қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері дағдарыс орталығы мен Қалалық паллиативтік көмек орталығында профилактикалық тексеру жүргізді