
Мерекелік жиын барысында қызметкерлерге адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және өз ісіне берілгендігі үшін алғыс хаттар табысталды.
Бұл адамдар күн сайын алматылықтардың өмірі мен денсаулығын қорғап, қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосып келеді.
Аурухана басшысының міндетін атқарушысы Алмат Чорманов ұжымның ынтымағы мен бір мақсатқа бағытталған еңбегін ерекше атап өтті:
«Республика күні – бірлік пен еңбектің, жауапкершілік пен елге қызмет етудің символы. Барша әріптестерге адалдығы, кәсібилігі және өз ісіне берілгендігі үшін алғыс айтамыз».
💙 Бұл марапаттар медицина қызметкерлерінің жанқиярлық еңбегіне деген зор құрмет пен ризашылықтың белгісі болсын!
Республика күніне орай Орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері марапатталды














