Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Шорманов Алмат Тұрсынжанұлы «Орталық қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК м.а. директоры болып тағайындалды

Алмат Тұрсынжанұлы — хирург, медицина ғылымдарының кандидаты, ассоциирленген профессор, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі.
Ол Қазақстан медициналық институтын, А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының аспирантурасын
және Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің магистратурасын тәмамдаған.

Кәсіби жолы:
▪️ 2012–2016 жж. — Алматы қаласы №7 қалалық клиникалық ауруханасының хирургия бойынша бас дәрігердің орынбасары;
▪️ 2016–2021 жж. — «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-ның бас дәрігері;
▪️ 2021–2023 жж. — аталған орталықтың ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары;
▪️ 2023–2025 жж. — «Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры.

Жалпы еңбек өтілі — 25 жыл, оның 13 жылы — басшылық қызметтерде.
120-дан астам ғылыми жарияланымның, 10 патенттің және 3 әдістемелік нұсқаулықтың авторы.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Шорманов Алмат Тұрсынжанұлы «Орталық қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК м.а. директоры болып тағайындалды