Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ КМК «Орталық қалалық клиникалық аурухана» Құндылықтары және этикалық қағидалары
- Кәсіби біліктілік және өзін-өзі жетілдіру – кәсіби білім мен дағдыларды жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс, кадрлардың кәсіби өсуі және өзін-өзі жетілдіруі.
- Пациентке бағдарлану – мейірімділіктің дәстүрлі принциптерін сақтау, пациенттің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, оның конституциялық құқықтарын құрметтеу.
- Корпоративтік рух және дәстүрлерді сақтау – корпоративтік рух, алқалылық, мүдделер бірлігі мен тәлімгерлік дәстүрлері.
- Әлеуметтік жауапкершілік және кәсіби ынтымақтастық – қоғам, халық алдындағы өз жұмысының нәтижесіне жауапкершілік, негізгі мақсаттарға қол жеткізуде Алматы қаласының медициналық ұйымдарымен кәсіби өзара іс-қимыл және ынтымақтастық.
- Ашықтық және есеп берушілік – қоғам, халық, ұжым үшін кәсіпорын қызметі туралы ақпараттың болуы, уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдарға есеп беруі.