Где будем искать?


Прейскурант

Отделения

Специалисты

Новости

ЦЕНТРАЛЬНАЯ ГОРОДСКАЯ КЛИНИЧЕСКАЯ БОЛЬНИЦА

Главная / Новости / Ирэдуй Пурэ өткізген мастер-класс аясында жасалған ота пациентімен сұқбат

Ирэдуй Пурэ өткізген мастер-класс аясында жасалған ота пациентімен сұқбат

01.10.19

2019 жылы қыркүйектің 30-да ОҚКА-да өткен шетел маманы Ирэдуй Пурэ өткізген мастер класс аясында жаңа әдіспен тегін ота жасату үшін таңдалған алғашқы пациент Атамкулова Нурзина Аярбековна болды. Нурзина ханымның аяқ тамырлары қатты кеңейіп кеткен. Отадан шыққаннан кейін Нурзина Аярбековнаға бірнеше сұрақ қойып, сұқбат алдық:
- Нурзина Аярбековна, қорықтыңыз ба?
- Әрине, қорқыныш болды, ота деген қандай жаңа технология болмасын, қиын ғой. 
- 2 сағатқа жетпейтін уақытты алған отадан кейінгі Сіздің алғашқы ойыңыз қандай болды?
- Шүкір, дәрігерлерге рақмет. Отадан кейін отырғызбай, тура 2 сағат жүруім керек екен. Сол жүрмін, әлі жарты сағат уақытым бар. Содан кейін 2 айдай оңалту кезеңі болады. Барынша көп жүру керек. Аз отыру керек (күледі).
- Бұл ауруға шалдыққаныңызға көп болды ма? Бұған дейін қалай емделіп едіңіз?
- Ауырғаныма біраз жыл болды. Тромбоштад, аяққа түрлі мазь жаққанмын. Бірақ олар көмектеспеді. Уақыт өткен сайын ауруым асқына түсті. Жазда ОҚКА стратегиялық және инновациялық дамыту бойынша менеджері Менаяков Марат Тугельевичке келдім. Дәрігер аяққа ота жасату керек екенін түсіндіріп, күзде тәжірибе алмасу бойынша ғылыми конференцияға Кореядан білікті маман келетінін айтты. Қазір жаңа технология шығып жатыр - артық тамырды күйдіріп жоюға болады деді. Сол кезде біз сізді шақырайық деп ұсынды. Мен, әрине, келістім. Соған тағы бір алғысымды білдіргім келеді.
- Негізі бүгінгі емдеу үрдісі қалай өтті?
- Бүгін тегін ота жасатуға келген 7 адамның ішінде аппаратпен емдеуге келетіндер ішінен мені таңдағанда қуанышым қойныма сыймады. 
Әуелі бізді арнайы узиге түсірді. Менің тамырларым аппаратқа дөп келді. Дәрігерлер менен бастаймыз деп шешті. 
Алғашқы болған да бір қызық әрі қорқынышты екен. Шыны керек, қобалжыдым
Қазір бәрі артта қалды. Үйдегілер мені күтіп отыр. Жаңа технологияның тиімділігі - жатпайсың, отадан кейін дәрігерлердің бақылауымен 2 сағат жүру керек, содан кейін үйге қайтуға болады.
- Осы ауруға тап болған адамдарға не айтар едіңіз?
- Негізінде денсаулықты жас кезден күту керек. Ертерек, әсіресе қыз балалар, аналар, әйелдер. Әйел адам деген кішкентайынан бәрін өзіне жүктеп алуға дайын. Көп ауыр көтереміз. Қарапайым тамақ алуға барғанды алыңызшы, керек нәрсенің бәрін бірден алуға тырысамыз. Тіпті үйдің ішін жинап-тазалап жатқанда, ауыр жихазды, ешкімді сұрамай,  өзіміз-ақ орнынан қозғай саламыз. Әсіресе жас қыздар. Сол кішкене күтінбегендіктен деп ойлаймын. Сондықтан айтарым - жас кезден күтініп, ауыр затты көтермей, жағдайыңызды ота жасатуға дейін жеткізбеуге тырысыңыз. Денсаулыққа көбірек көңіл бөліңіздер.
- Нурзина ханым, тезірек жазылып кетуіңізге тілектеспіз.
- Әумин. Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасына, Кореядан келген білікті маман Иредуй Пуре мырзаға, Марат Тугельевичке осындай мүмкіндік бергеніңіз үшін тағы бір алғысымды білдіремін. Сауболыңыздар!