Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Главная / Отделения / Сәулелі диагностика бөлімшесі

Сәулелі диагностика бөлімшесі келесі бөлімдерден тұрады:

1. Рентгенологиялық диагностика кабинеті
2. КТ кабинеті
3. МРТ кабинеті
4. Ультрадыбыстық диагностика кабинеті

 
Бөлімшеде 7 жоғары санатты дәрігер, 1 - бірінші санатты және 6 - екінші санатты дәрігер; 6 жоғары санатты және 1 - екінші санатты медбике; 9 жоғары санатты және 2 - екінші санатты рентген лаборанты жұмыс істейді. Орта және кіші медициналық персонал және санаты жоқ дәрігерлермен бірге барлығы 56 маман бар.

 

Қажет болған жағдайда ОҚКА пациенттеріне жедел түрде ҚазМҮББУ сәулелік диагностика кафедрасының қызметкерлері, оның ішінде профессорлардан кеңес бере алады. Кафедра қызметкерлері клиникалық іс-шараларға белсенді қатысады, науқастарға күнделікті кеңес береді, консультациялар мен клиникалық талдауларға қатысады. Сондай-ақ, ҚазМҮББУ кафедрасының ассистенттері мен резиденттері аурухана мен кезекші дәрігерлерге үлкен көмек көрсетеді.

УДЗ «Samsung» Medison Корея, «МEDISON Sono-Ase X6», «Fucuda denshi» Жапон, «МEDISON V20», «SonoScope SSI 5000» эксперт класс аппараттарында барлық ультрадыбыстық зерттеулер жүргізіледі.

Ультрадыбыстық зерттеулердің келесі түрлері жүргізіледі (УДЗ):

1. Құрсақ қуысы ағзаларына УДЗ (бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр)

2. Ішастар арты кеңістігі ағзаларына УДЗ (бүйрек, бүйрек үсті безі)

3. Қалқанша безі, сүт бездеріне УДЗ

4. Сілекей бездері, лимфалық түйін УДЗ

5. Жұмсақ тін УДЗ

6. Эхокардиография

7. Жүкті әйелдің жатырына және нәрестеге УДЗ

8. Ерлердің кіші жамбас ағзаларына УДЗ (трансабдоминальды және трансректальды)

9. Әйелдердің кіші жамбас ағзаларына УДЗ (трансабдоминальды және трансректальды)

10. Жоғары аяқ артериясын дуплексті сканерлеу

11. Құрсақ қолқасын дуплексті сканерлеу

12. Құрсақ қолқасын дуплексті сканерлеу, мықын артериясы

13.Тамырларды дуплексті сканерлеу: бас ми, ұйқы және омыртқа артерияларын

14. Төменгі аяқ артериясын дуплексті сканерлеу

15. Тамыр қуысын, жамбас сүйек тамырларын дуплексті сканерлеу

16. Жоғары аяқ тамырларын дуплексті сканерлеу

17. Төменгі аяқ тамырларын дуплексті сканерлеу

18. Бүйрек тамырларын дуплексті сканерлеу

19. Бауыр тамырларын дуплексті сканерлеу

Бізде «SIGNA CREATOR» 1.5 T «General Electric» 2017 магниттік-резонанстық бейнелеу және «Somatom Definition AS» Siemens (40-тілім) 2013 компьютерлік томографы қолданылады.

МРТ зерттеулерінің келесі түрлері жүргізіледі

- бас миға МРТ
- бас ми күретамырына МР-ангиография
- гипофизге МРТ
- ми және арқа омыртқаларына МРТ
- тамырларға МРТ
- құрсақ қуысы ағзаларына және ішастар арты кеңістігіне МРТ
- кіші жамбасқа МРТ (ерлер және әйелдер)
- контрасты МРТ

МРТ жүргізуге мүлде қарсы көрсеткіштер
- орнатылған кардиостимулятор (магниттік шектің өзгертуі жүрек ритмін имитациялайды);
- ферромагниттік немесе электронды орта құлақ имплантаттары;
- үлкен металды имплантаттар, ферромагниттік жарықшақтар;
- Илизаровтың ферромагниттік аппараттары.

 



Наименование услуг Единица измерения Сумма (тг.)