Бұл бөлімде сіз МӘМС бойынша барлық қажетті ақпарат пен жаңалықтарды таба аласыз
Медициналық сақтандыру қоры
МӘМС туралы қысқаша
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген халыққа жоғары сапалы медициналық көмек алуға және емхананы еркін түрде таңдауға мүмкіндік береді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі принциптерінің бірі - әлеуметтік әділеттілік. Бұл қағидат азаматтардың бәріне теңдей мүмкіндіктер беруге негізделген.
Қарапайым тілмен айтқанда, жарнаны әр адам шама-шарқынша төлейді, ал медициналық көмекті қажетінше алады.
Қазақстан үкіметі келер жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК және МӘМС) шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізімін бекітті.

Еліміздің барлық азаматтары пайдалана алатын кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне жедел жәрдем мен санитарлық авиация, шұғыл стационарлық көмек, паллиативтік көмек енген. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен созылмалы аурулардың негізгі түрлерімен ауыратын тұрғындар осы пакет шеңберінде консультативтік-диагностикалық көмекпен, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмекпен қамтамасыз етіледі. Амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, туберкулезге шалдыққандарды оңалту қызметі де осы пакетке кіреді.
Мөлшерлемелер мен нұсқаулық
Міндетті сақтандыру не үшін енгізіліп жатыр