Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Жалпы сұрақтар

Кеңестік-диагностикалық бөлімше дәрігерлері қай уақытта қабылдайды және кеңес қанша тұрады?

Кеңестік-диагностикалық бөлімше дәрігерлері пациенттерді дүйсенбі мен жұма аралығында  8:00-ден 16:00-ге дейін қабылдайды. Қабылдау кестесі бойынша КДБ базасының кеңес беруші мамандары барлық ақпараттарды береді және кеңестің бағасын тіркеу бөлімінен біле аласыздар: +7 (727) 274-82-61, байланыс орталығы +7 (727) 228-03-03

Клиниканың ақылы бөлімшелерінде емдеу қанша тұрады?
Клиниканың ақылы бөлімшелерінде емдеу диагноз тәуелділігіне, бөлімшеде орналасу мерзімі, кеңес және қосымша зерттеулер қажеттілігіне байланысты. Қажеттілікке байланысты клиниканың қажетті мамандарына жүгінуді ұсынамыз.

Иригоскопия және  колоноскопиядан зерттеуден өту ережесі және жұмыс кестесі
Жұмыс кестесі: дүйсенбі мен жұма аралығында  - 8:30-дан 13:00-ге дейін. Аталған зерттеулерден өту үшін дәрігердің кеңесі және аталған емшараны жүргізуге арналған жолдама қажет. Алдын ала жазылу Сәулелі диагностика бөлімшесі бойынша мына телефон арқылы: 274-45-17, немесе клиника дәрігеріне жолығу қажет.

Клиника қай ауданға қызмет көрсетеді?
ОҚКА шұғыл медициналық көрсетулер кезінде Алматы қаласының барлық аудандары бойынша қызмет көрсетеді. Клиниканың стационарында емдеуге жатқызу тек  Бостандық және Медеу аудандарының тұрғындары үшін. Барлық ақпараттарды  байланыс орталығы телефондарынан ала аласыздар: +7 (727) 228-03-03

Порталды қалай рәсімдеуге болады? (тегін негізде)?
Клиникаға портал бойынша емдеуге жату (тегін негізде) және тегін жолдама алу үшін бекітілген тұрғылықты жеріңіздегі емханадағы емдеуші дәрігерге жолығуыңыз қажет, сонымен қатар барлық тексерілулерден өту және дәрігердің кеңесі қажет. 

Тамырлы хирургтың кеңесі қайда жүргізіледі?
Тамырлы аурулар бойынша кеңестерді кеңестік-диагностикалық бөлімшенің тамырлы хирург мамандары жүргізеді, толық ақпараттарды мына телефоннан ала аласыдар: +7 (727) 274-82-61, байланыс-орталығы +7 (727) 228-03-03.

№ 082, 086 және 108 нысанды медициналық анықтаманы қалай алуға болады?
 № 082 медициналық анықтама алу және рәсімдеу үшін мыналар қажет: фото 3х4 – 1 дана, наркологиялық, психиатриялық диспансерден, СПИД-орталықтан анықтама,  флюорография бейнесі (егер жоқ болса біздің клиникамыздан өтуге болады) және КДБ  тіркеу бөлімінің ұсынған тізімі бойынша мамандардың тексерілуінен өту қажет.

№086/у нысанды медициналық құжат «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Бұйрығымен бекітілген және абитуриенттерге және жұмысқа орналасқандарға толтырылады.

«Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтердің көрсету ережесі мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30  қыркүйектегі  № 2299 Қаулысына сәйкес

 

  -  Жұмысқа тұру үшін және оқуға арналған анықтамалар алу үшін азаматтарға ақылы түрде медициналық тексерулер жүргізіледі (егер рентген бейнесі жоқ болса клиникамызда рәсімдеуге болады ) және тіркеу бөлімінің ұсынған КДБ тізімі бойынша мамандардан тексерілуден өту қажет.

 №108 нысаны: фото 3х4 – 1 дана., наркологиялық, психиатриялық диспансерден, СПИД-орталықтан анықтама,  флюорография бейнесі (егер жоқ болса біздің клиникамыздан өтуге болады) және КДБ тіркеу бөлімінің ұсынған тізімі бойынша мамандардың тексерілуінен өту қажет.  Толық ақпараттарды мына телефоннан ала аласыдар: +7 (727) 274-82-61, байланыс-орталығы +7 (727) 228-03-03

МРТ, КТ өту үшін не қажет?                                        
МРТ, КТ өту үшін дәрігердің жолдауы және +7 (727) 274-64-78 мына телефон арқылы алдын ала жазылу керек. Толық ақпараттарды тіркеу бөлімінен мына телефоннан ала аласыздар: +7 (727) 274-82-61, байланыс-орталығы +7 (727) 228-03-03.

Кафедрадағы Дәстүрлі медицина, терапия, травматология және ортопедия және т.б. мамандары қалай қабылдайды?
ҚазҰМУ мамандары ОҚКА қызметкерлері болып табылмайды және клиника базасында кеңес жүргізбейді. Толық ақпараттарды байланыс-орталығы телефонынан ала аласыздар: +7 (727) 228-03-03.

Көздің аспаптық тексерілуінен қайдан өтсе болады? (Циклоскопия, көзді УДЗ , Лазер Барраж және т.б.)?
Көзді  аспаптық тексеруді КДБ окулист дәрігерлері дүйсенбі-жұма аралығында 8:00-ден  16:00-ге дейін. Толық ақпараттарды тіркеу бөлімінен мына телефоннан ала аласыздар: +7 (727) 274-82-61, байланыс-орталығы +7 (727) 228-03-03

Плазмоферез емшарасы жүргізіледі ме?
Біздің клиникамызда Гемодиализа және Нефрология бөлімшесінде  плазмоферез жүргізіледі. Толық ақпараттарды байланыс-орталығы телефонынан ала аласыздар: +7 (727) 228-03-03.

Қандай жағдайда ауруханадан бас тартады?
Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері болмаған жағдайда. Жоспарлы ауруханаға жатқызу үшін талдаулар және зерттеу нәтижелерінің жеткіліксіздігі кезінде. Пациенттің ауруханадан бас тартуы. Емдеу тұрғылықты және тіркелінген  жерінде жүргізілуі тиіс.

Сіздің клиникаңызда медициналық қызметтер бойынша шағым жағдайларында қайда жүгінуге болады?
Біздің клиникамыздың қызметіне шағымыңыз болса Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау телефоны бойынша Шұғыл желі +7 708 983 2854, электронды поштаға жазуға болады: expert@almaty-cgkb.kz , WhatsApp.  +7 708 983 2854. Instagram. Facebook @almaty.cgkb.