Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Пациентерді қолдау және ішкі бақылау қызметі (аудит)

Пациентерді қолдау және ішкі бақылау қызметі   +7 700 730 03 83,

Call center   

Электронды пошта - expert@almaty-cgkb.kz

Пациенттердің шағымдарын іріктеу мақсатында 2011жылы   №293  «Ішкі аудит қызметін құру туралы»  бұйрық шықты.  2012 жылы Орталық қалалық клиникалық ауруханада  «Ішкі аудит қызметі » ашылды. 2015 жылы қызмет атауы  “Пациентерді қолдау және ішкі бақылау қызметі” болып өзгертілді.

Кемали Г.К - Пациентерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің басшысының міндетін атқарушы

 

Қызметтің екі бағыты бар:

1. Қызметкерлерге медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ақпараттық және әдістемелік көмек.

2.Медицина мамандарын, олардың ОҚКА аясындағы саласын бақылау, пациенттерге қызмет көрсету сапасына үнемі мониторинг жасау, сонымен қатар квалификациялық  білімдерін арттыру мен медициналық көмек көрсету шараларын  жүзеге асыру.  

2.  Медицина қызметкерлін бақылау, олардың қызметін ОҚКА аясында пациенттерге қызмет көрсету сапасы үшін үнемі мониторинг жүргізу, сонымен қатар медициналық көмек тиімділігін  және сапасын арттыруға ықпал ететін шараларды жасау.

Қызметтің міндеттері:

- Медициналық құжаттарды енгізу сапасын бақылауды жүзеге асыру;
- Медициналық көмек сапасын арттыру бағдарламасына қатысу;
- Пациенттердің шағымдарына мониторинг;
- Пациенттерге мед.қызмет көрсету технологиясының стандарттарына  сәйкес  бағалау;
- Клиниканың кадрлық және материалды-техникалық ресурстарын қолданудың қарқыны мен жағдайын бағалау;
- Ішкі науқастар комиссиясының бағытына сараптама жасау;
- Мед.қызмет көрсету сапасындағы күрделі сұрақтарды анықтау.

 “Пациентерді қолдау және ішкі бақылау қызметі ” бөлімше меңгерушілерімен бірлесе жұмыс істейді, барысында ауруханадан шыққан пациенттерге емдік-диагностикалық барысының сапасына және медициналық құжаттарды енгізу сапасына тексеру жүргізеді.  Әр тоқсанда пациенттерге, дәрігерлерге, мейірбикелерге сауалнама жүргізіледі.

Қазіргі таңда қызметте  оқудан өткен, эксперт жұмысына қызығушылығы бар және өзінің негізгі жұмысында жақсы нәтиже көрсеткен 3 эксперт-дәрігері жұмыс істейді.

Әр қайсысы өз бөлімшесінде терапия және хирургия саласында жетекшілік етеді:

-  10% кем емес ауру тарихын тексеруді жүзеге асырады;    
-  Емдік-диагностикалық барысының сапасына және медициналық құжаттарды енгізу жетіспеушілігін және талдау ауытқушылықтарын жүргізеді;
-  Ай сайын бас дәрігердің орынбасарына сапа бойынша аудит нәтижесін ұсынады;
-  Ай сайын клиника директорына сапа бойынша аудит нәтижесін ұсынады;
-  Пациенттер ұсынған шағымдарға талдаулар жүргізеді.

Медициналық қызмет сапасын басқару бойынша Кеңес құрамына қосымша кіретіндер: директордың емдеу жұмысы бойынша орынбасары А.М. Кенжебаев, хирургия бойынша директор орынбасарының м.а. Жарменов С.М., аурухананың бас мейірбикесі Абдибатырова М.Т., бөлім меңгерушілері жіне аға мейірбикелер