Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Call center

Call center

Телефон Call center - 8 727 228 03 03

Электронды пошта - cgkb-almaty@mail.ru

Біз кез-келген сұраққа жауап береміз!

Құрметті сайт оқырмандары, өздеріңізге белгілі 2015 жылдың 10 маусымынан бастап, ОҚКА Байланыс-орталығы (Call-центр) ашылған болатын. Орталықты ашудағы мақсат тұрғындарға білікті ақпараттық кеңестер ұсыну. Байланыс-орталығын ашуда біздің мамандар байланыс орталығының ашылуы және ұйымдастыру бойынша халықаралық әртүрлі компаниялардың тәжірибелеріне басты назар аударды және үйренді. Кейіннен байланыс саласының жоғары сыныпты мамандарымен үйренісіп, Орталықты біруақытта бірнеше қоңырауға жауап беретін ең мықты заманауи жабдықтармен қамтамасыз етті. Нәтижесінде бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату бойынша барлық жұмыстар жылдам жүзеге асырылды.

 Жабдықтарды дайындау кезеңінде Call-орталығына мынадай білікті талаптар бойынша операторларды іріктеу конкурсы өткізілді: жоғары немесе орта медициналық білімі бар, КП білімі, қазақ және орыс тілдерін меңгеруі, сөз мәнері, дауыс ырғағын жақсы ұсыну, аналогиялық позициядағы жұмыс тәжірибесі, сабырлылық. Орталық операторларына сұрақтарға жауап беру стандарты бойынша, клиенттермен жұмыс барысы жөнінде тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, операторлармен психологиялық тренингтер өткізілді.  Бастапқыда байланыс-орталығы жұмыс жасағандай тұрғындар арасында да хабарландыру жұмыстары жүргізілді: барлық ақпараттық порталдар мен анықтамалық қызметтерде біздің телефон нөмірлеріміз жарияланды. Біз жұмысты бастаған күннен бастап қала тұрғындарынан қоңыраулар қабылдадық.

Орталыққа «бір реттен» хабарласу: егер колл-орталықтың барлық операторлары бос болмаған жағдайда клиент қоңырауы кезекке қойылады, мұндай жағдайда клиент желіде қалады және қоңырауға бірінші босаған оператор жауап береді. Күту уақыты 6 секундтан көп емес. Барлық телефон нөмірлері, оперторлар жүгінушілермен болған барлық жазбалар сұрақтар мүмкіндігін талдау және туындаған мәселелерді шешу үшін сақталады. Бірде бір қоңырау жауапсыз қалмайды. Сонымен қатар, жұмыстан тыс уақытта қоңырауларды тіркеу автоматты тәртіпте жүргізіледі, әрбір жүгінуші байланыс мәліметтерін және сұрағы туралы мәліметтерді қалдыра алады. Осы ақпараттардың арқасында біздің орталықтың операторлары жүгінушімен байланысып, қажет болған барлық ақпараттарды ұсынады.

Айсайын орталық операторлары Қазақстанның – Тараз, Қарағанды, Семей, Алматы облыстарынан және т.б. барлық аймақтарынан 2500 астам қоңырауларды қабылдайды. Қазақстан азаматтарының жүгінетін сұрақтары да әртүрлі болуына байланысты түрлі бағыттар бойынша қажетті ақпараттар жиынтығы туындап жатады. Атап айтқанда кері байланыс арқасында біздің Call-орталығына келіп түскен жүгінушілердің кез-келген өтінішін қанағаттандыруға тырысамыз. Сұрақтардың ішінде көп қойылатыны клиникамыздың салалық мамандарына, емдеу және диагностика жүргізу бойынша клиниканың ұсынатын қызметтері, сонымен қатар Алматы қаласының басқа да медициналық мекемелері бойынша ақпараттарға қатысты. Сондай-ақ, көптеген адамдар портал бойынша клиникаға ауруханаға жату туралы сұрақтармен хабарласады. Қоңыраулармен жұмыста сауалдардың жауаптары әртүрлі категорияда, атап айтқанда 3-5 минут ішінде алынған жауап, 1 сағат және 21 сағат ішіндегі жауаптар қаланың басқа мекемелерімен кеңестер және ақпараттар жиынтығына байланысты. Күнделікті келіп түскен қоңырауларға туындаған мәселелер жұмыс барысына байланысты шешу және уақытында анықтау үшін талдаулар жүргізіледі. Call-орталығының 2 айлық жұмысы ішінде жүгінушілер саны бірінші күннен бастап күніне 10 нан 15 дейін, ал қазіргі таңда күніне жүгінулер саны 100-ден 130-ға дейін. Біз 70%  қоңыраулардың   ұлғаюы тұрғындарға қызметтер сапасын жақсарту шеңберінде осы қызметтің келешекте даму қажеттілігі туралы айтады.