Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Басты бет / Жаңалықтар / Суға шоқындыру рәсімі

Суға шоқындыру рәсімі

16.01.19

 

Қаңтар айының 18 нен 19 на қараған түні православие христиандары бірден-бір және көне мерекелерінің бірі Крещение күнін атап өтеді.

«Крещение» дәлме-дәл мәні «Суға бату» деген мағынаны білдіреді. Судың қасиеті көптеген халықтарға белгілі болған. Су барлық жамандықтарды жуады. Су молекуласының есі бар, су молекуласының жады бар, оларды бағдарламалауға болады, сондықтан су өлімге душар етуі және емдеуі мүмкін.   

Бұл күні сіз ескі салт бойынша ойықтағы суға шомыла аласыз. Дәл осы күнгі су ерекше күшке ие болады деп есептеледі, сондықтан бұл суға түскен адам жыл бойына денсаулығы мықты болады деген түсінік бар.  

Дегенмен, суға шоқыну – емшарасы міндетті емес. Әркім өзі үшін өзі шешеді. Біріншіден, бұған психологиялық көзқарас жасау күрделі, екіншіден барлық адамның бірдей физикалық денсаулық жағдайы жарамайды.

Қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, жіті бронх қабынуы, пневмония, демікпе, несеп-жыныс жүйесі, қояншық аурулары бар адамдарға бұл күні мұзды суға дәрігерлер үзілді-кесілді тиым салады. Сонымен қатар, аяғы ауыр әйелдер мен балалардың да түспегені дұрыс деп кеңес береді.  

ОҚКА урология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты уролог дәрігері Бименов Сакен  Сейдеметович өзінің қызықты бақылауларымен бөлісті.

«Көп жылдық еңбек тәжірибесі бар уролог дәрігері ретінде мұздай суға түсу ер адамдар үшін ауру салдарын тудыруы мүмкін деп есептеймін. Ерлер безі – суық тиюді жақсы көрмейтін ең маңызды ағза. Бір сөзбен айтқанда қуық асы безінің қабынуы, созылмалы простатит белсіздікке әкелуі мүмкін. Егерде жас ер балалар жуық арада әке болуды жоспарласа, мұздай суық суға түспегені абзал».

Суға түсемін деп шешкен адамдар барынша сақтықпен арнайы жабдықталған, өміріне қауіп туғызбайтын орындарда, құтқарушылар және медицина қызметкерлері бар жерлерде түскені дұрыс. Шомылу кезінде эмоциялық жүріс-тұрыс өте маңызды, ішімдік сусындарын пайдалануға болмайды. Одан да ыстықтай шай ішу керек. Суға шомылуға тоқ барғаны дұрыс. Суға түсерден 1,5 сағат бұрын бір тарелка ботқа жеуге болады, тамақ адам бойының тез жылынуына септігін тигізеді. Шомылмас бұрын денені ысқылап, сергіту жаттығуларын жасаған дұрыс. Жалаңаш аяқпен жерде тұруға болмайды. Суға баспен секіруге де болмайды, судың астында мұз болған жағдайда жарақат алуы әбден мүмкін.  Судан шыққан соң қалың құрғақ әрі қалың орамалмен сүртініп, жылы киімдеріңізді кию қажет.

Шоқыну суына түсу – құпияға толы кезең. Сондықтан, науқан немесе спорт үшін деп қатыса салуға болмайды. Иисусты шоқындыру жерорта теңізінде, Иордан өзенінде өткенін ұмытпау керек. Сондықтан біздің жақтың ауа-райының суықтығын естен шығармаған жөн.