Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Басты бет / Жаңалықтар / Эндокринолог күні

Эндокринолог күні

14.11.18

Султанкулова Лаура Кайратовна  Жаркент қаласында дүниеге келген. Атасы да, анасы да дәрігер болған адамдар.  Ол ар қызға бала күнінен адамның дене  мүшелерін, сүйектерін  қазақ, орыс , латын тілінде қалай айту керектігін үйреткен. Мектепті бітіргеннен кейін «Кім болам?» деген сұраққа ойланбады.  Әрине, дәрігер болу. 1999 жылы  Лаура Султанкулова  Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық  медицина уиверситетінің Емдеу ісі мамандығына оқуға түседі. Одан ары интернатураға. Эндокринолог дәрігер мамандығын таңдау кездейсоқ болмады. Бұл уақытта оның әкесі жиі ауырып жүрді. Дәрігерлер оған көмектесе алмады. Лаура  әкесінің денсаулығына қатты алаңдап, өз таңдауын жасады. Эндокринология кафедрасында оның тәлімгерлері  профессор Базарбекова Римма Базарбековна және  профессор Зельцер Михаил Ефимович болды. Оқу бітіргеннен кейінгі жұмыс істеуге барған №7 қалалық аурухананың эндокринология бөлімінің меңгерушісі Иванов Владимир Алексеевич жас маманның жұмысына басшылық етті. Олар бірлесе отырып науқастардың  ауруларындағы  күрделі жағдайларды шешті, дұрыс емдеу жолдарын қарастырды. Дәрігер  Султанкулова өзінің медициналық практикадағы алғашқы ұстаздарын  ерекше алғыспен, сүйіспеншілікпен еске алады.

Лаура  Кайратовна жоғары дәрежелі эндокринолог дәрігер болу үшін медициналық әдебиеттерді көп оқып, медицина саласындағы  жаңа әдістер мен технологиялармен танысып, оқуды тоқтатпау керектігін түсінді.

Қазақстандық үздіксіз білім беру медицина университетінің резидентурасын  бітірген соң  Султанкулова Лаура Кайратовна  Совминнің ауруханасында 7 жыл жұмыс істеді. Одан кейін оны өзі қазір жұмыс      істеп жүрген Орталық қалалық клиникалық аурухананың терапевтік бөліміне қызметке шақырады. «Мен өз мамандығымды жақсы көремін, –  дейді  Лаура Кайратовна,  стационарда жұмыс істегенді жақсы көремін, бұл жерде науқастармен белсенді қарым-қатынас орнағандықтан, тез арада науқас  жағдайының өзгеруін бақылай аламыз».  Дәрігердің төзімділігі мен науқастарға деген мейірімділігіне науқастар шын жүректен алғыстарын айтады.

Лаура Султанкулованың махаббаты, қамқорлығы барлығына да жетеді.  Ол бақыттты ана және керемет жар. Оның 4 жасар ұлы күнделікті тәтті қылықтарымен сүйікті анасын қуантуда. «Қандай арманыңыз бар?»  деген сұраққа ол: «тағы да балалы болғым келеді» деп жауап береді.

 

14  қараша  Дүниежүзілік диабетке қарсы күрес күні, Эндокринологтар күні. Осы күні Султанкулова Лаура Кайратовнаны мерекесімен құттықтап, оған мықты денсаулық, отбасында бақыт, қызметінде құрмет  тілейміз.