Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Басты бет / Жаңалықтар / Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау

Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау

05.04.23

Бүгін Орталық аурухана базасында Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бірлесіп, Алматы қаласының барлық медициналық ұйымдарына "инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау" тақырыбында бірлескен семинар өткізді.

 

Кеңеске: санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бақылау бөлімінің басшысы Динара Бөлегенова, сондай-ақ ДДСҰ эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Мирас Шадман және эпид бөлімінің бас маманы Дулат Игибаев қатысты.

 

Сондай-ақ баяндамашылар арасында №12 ОКҚБ бас эпидимиологы Эльвира Ибрагимова, инфекциялық бақылауды жетілдіру мақсаттары туралы, ал №4 Қалалық клиникалық аурухананың бас эпидемиологы Назира Сарманбетова атқарылған жұмыстар туралы баяндады, сонымен қатар аурухана ішілік инфекция бас маманы Ғазиз Сүлейменова медициналық көмек көрсету барысындағы жұғатын инфекциялар туралы сөз сөйледі.

 

Семинар барысында жүйесін іске асыруды талқылады, шешуді талап ететін басым мәселелер айқындалды және Алматы қаласындағы инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру бойынша одан әрі іс-қимылдарды белгіледі.

 

Барлығы білетіндей, медициналық көмекке байланысты инфекциялар, медициналық көмек көрсету кезінде жиі кездесетін жағымсыз жағдайлардың бірі және болып табылады және аурушаңдыққа, өлім-жітімге және өмір сапасына әсер ететін қоғамдық денсаулық сақтаудың күрделі мәселесі болып табылады. Мұндай инфекциялардың тиімді шаралары арқылы алдын алуға болады.