Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Басты бет / Жаңалықтар / Алматыда дәрігерлер пациенттің бүйрегіндегі үлкен жылауықты алып тастады

Алматыда дәрігерлер пациенттің бүйрегіндегі үлкен жылауықты алып тастады

22.07.22

Алматыда дәрігерлер пациенттің бүйрегіндегі үлкен жылауықты алып тастады

Қазір ем-домы аяқталған науқас әйел үйіне шығарылды.

Алматылық урологтар лапороскопиялық тәсілмен оперция жүргізіп, 42 жасар әйелді емдеп шықты.

«Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 42 жастағы әйел ішінің оң жағындағы қатты ауырсыну күйімен жүгінген болатын. Компьютерлік томография жасалып, жылауықтың туындағаны анықталды», - делінген ОҚКА баспасөз-қызметінің хабарламасында.

Жылауықтың мөлшері КТ деректері бойынша - 8 де 9 см. Әйелдің айтуынша, ол көптеген емханаларға барған, ол жерде оған ашық тәсілде операция жүргізуді ұсынған. Тек ОҚКА-да урологтар лапороскопиялық тәсілмен оперция жүргізген. Дәрігерлер ішіне шағын ғана тесік жасап, жылауықты ұстап алып тастаған.

«Бүйрек және оның барлық функцияларын сақтап қалдық. Пациент тез арада сауығып кетті. Қазір әйелдің ем-домы аяқталып, үйіне шығарылды», - деді урология бөлімшесі меңгерушісінң м.а. Азиз Сулиев.

Айта кететін жай, операцияға дейін әйелде оң жақ қабырғасы аурып, жоғары қан қысымы болған, жүргізілген операцияның нәтижесінде пациентте қысымы тұрақтанып ауырсынғаны басылды.

Қазіргі күні пациент 6 ай бойы ОҚКА урологтарының бақылауында болады.