Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Басты бет / Жаңалықтар / Алматылық нейрохирургтер әйел адамды сал ауруынан сақтап қалды

Алматылық нейрохирургтер әйел адамды сал ауруынан сақтап қалды

29.04.22

Алматылық нейрохирургтер әйел адамды сал ауруынан сақтап қалды  

Орталық қалалық клиникалық аурухананың нейрохирург-дәрігерлері бел омыртқаны тіліп, жасанды имплантпен алмастыру бойынша күрделі ота жасады. 

«Пациент бізге омыртқа жарақаты асқынғаннан кейін келді. Бұрын бел омыртқасы сынған оған кешіктірмей ота жасау қажет болды. Өйткені уақыт өткен сайын аяқ-қолы жансызданып, сал болып қалу қаупі жоғарылай түсті», - дейді бөлімше меңгерушісі Марат Алматов.

Айтуынша, омыртқаны инновациялық әдіспен алмастыруға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық операция. Отаның мұндай түрі қала бойынша екі-ақ ауруханада жасалады. Соның бірі – Орталық қалалық клиникалық аурухана, біздің клиника күрделі отаны жасауға қажетті қондырғылармен толық жабдықталған, дейді маман.

Шеберлік класы шеңберінде №7 Қалалық клиникалық аурухананың омыртқа хирургиясы бөлімі жетекшісі Бақыт Ағлақовпен бірге жасалған операция ақысы МӘМС пакеті есебінен төленеді.

«Сақтандыру пакетінің ауқымы кең, ол сақтандырылған азаматтарға үлкен мүмкіндіктер береді. Оған ағза алмастыру, буын алмастыру, нейрохирургиялық және кардиохирургиялық қызметтер кіреді. Оның үстіне пациент пайдаланатын қызмет көлемі төлеген жарнасына тәуелді емес, медициналық көмек қанша қажет болса сонша пайдаланады. Мысалы, осы отаға МӘМС есебінен 4,5 миллион теңге төленеді», - деді МСҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев.

Ескеретін жайт, аталған қызмет түрлерін пайдалану үшін медициналық көрсетілімдер болуы қажет. ОҚКА баспасөз-қызметі