Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Басты бет / Жаңалықтар / Францияның Бас консулы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға отандасына көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Францияның Бас консулы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға отандасына көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

27.04.22

Францияның Бас консулы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға отандасына көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

 Бүгін Францияның бас консулы Алексис Шахтахтинский Орталық қалалық клиникалық аурухананың ұжымына 13 сәуірде Алматы қаласының маңындағы тауларда қар көшкініне тап болған Кристоф Петьо мырзаға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгені үшін шын ниетімен алғысын білдірді.

- Бас дәрігер Ұлықбек Медеубековтің бастауындағы аурухананың барлық ұжымына кәсіби міндеттерін адал орындап, отандасымыз Кристоф Петьоға барлық қажетті медициналық көмек көрсеткені үшін алғысымды айтамын. Көптеген жарақаттарына қарамастан, ол оқшауланып, емделуін жалғастыру үшін Францияға сәтті жеткізілді. Сізге және аурухананың әр медицина қызметкеріне қиын да игі істеріңізде денсаулық, бақыт және табыс тілеймін- деп хатта жазылған. - Сондай-ақ, Кристоф Петьо аурухананың ұжымына ілтипатын білдірді. — Менің атым Кристоф Петьо. Мен өзім дәрігер болып қызмет етемін. Аяқ астынан осындай жайға тап болып нәтижесінде стационардан бірақ шықтым. Мен қазақстанның  ауруханасына және әрине, емхана қызметкерлеріне қатты ризамын. Аурухананың барлық медицина қызметкерлеріне кәсібилігі, біліктілігі, көңіл аударып бар ықыласымен қарағаны үшін алғысымды білдіремін. Маған мында қатты ұнады. Сіздерге және сіздің ұжымыңызға денсаулық, жұмыс барысында табыс пен береке тілеймін! Еске сала кететін жай, Алматы қаласының маңындағы тауда Жастар шыңы аумағында қар көшкінінің астында екі адам қалған. Бірінші зардап шеккен адамды түрлі жарақаттармен тірі күйінде табылды. Ол Кристоф Петьо. Бірнеше уақыттан соң екінші зардап шеккен адам табылған, бірақ, өкінішке орай онда тіршілік белгісі анықталмаған. Орталық қалалық клиникалық аурухана Францияның Бас консулы мен Кристоф Петьоға отандастарының мерт болуына байланысты ортақтасып көңіл айтады.

 

ОҚКА баспасөз-қызметі