Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Басты бет / Жаңалықтар / Алматы дәрігерлері кеңірдегіне сүйек сынығы тұрып қалған тұрғынды құтқарды

Алматы дәрігерлері кеңірдегіне сүйек сынығы тұрып қалған тұрғынды құтқарды

17.01.22

Алматы қаласының дәрігерлері кеңірдегіне сиыр етінің сүйегі тұрып қалған пациентті құтқарып қалды, деп хабарлайды тілшісі ОҚКА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық қалалық клиникалық ауруханасына 5 күн бойы тоқтаусыз жөтелген 54 жастағы пациент емделуге жатты. Функционалдық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Жасұлан Елемес эндоскопиялық тексеріс-бронхоскопия жүргізіп, нәтижесінде пациент кеңірдегінде сүйек тұрып қалғанын анықтайды.

«Уақытында тексеру жүргізілмегенде, бронхоскопия қабынған ісік түйіні болып, іріңді қабынуға айналып кетуі мүмкін еді. Процедура сәтті өтті, сүйек пациенттің кеңірдегіне зақым келтірмей алынды», – деді Жасұлан Елемес.

Науқас дәрігерлерге зор алғысын білдірді.

"Жөтел тамақтанып отырғанда қақалып қалған соң пайда болды. Содан жөтел тоқтамай қойды. Емханаға барып, емдеу курстарын ала бастадым. Бірақ ол да көмектеспеді. Сол себепті ауруханаға барғанды жөн көрдім. Қабылдау бөлімшесіне барғанда, дәрігерге жөтелім ұнамады. Тексеріс жүргізген кезде сүйектің бары анықталды. Дәрігерлерге кәсіпкерлігі үшін, дер кезінде диагноз қойғаны үшін алғысым шексіз! Сіздерге үлкен рахмет!" - деді пациент.

Дәрігердің айтуынша, егер адам қақалып қалғаннан кейін жөтелі тоқтамаса, мамандарға жүгінуі керек.