Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Басты бет / Жаңалықтар / Алғашқы көктайғақтың салдары

Алғашқы көктайғақтың салдары

17.11.20

Қарашаның ортасы. Алматыда алғашқы қар. Суық ауарайымен бірге оған тән жарақаттардан аулақ болу үшін көшеде мұқият болыңыз. Тротуарларға құм мен тұз себетін маусымда да «өңделмей» қалатын учаскелер болады, онда құламай жүру мүмкін емес. Сонымен, сіз өзіңіз түсінгендей, алғашқы қар түскенде құлау, жарақат алу тақырыбын қозғаймыз. Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының травматолог-дәрігері Өтебалиев Ғазиз Темірханұлы құлаған жағдайда не істеу керек екені туралы сөз етеді.
Көптеген адамдар құлап жатқанда ештеңе сезбеуі мүмкін. Бұл шоктан болады. Ауырсыну кейінірек пайда болады. Жедел және тұрақты ауырсыну болса - қауіпті. Егер ауырсыну қоймаса, ісіну пайда болса, зақымдалған жеріңіздің қозғалысы шектелсе, бұл зақымдану деңгейінің айтарлықтай ауыр екенін көрсетеді. Бас айналу мен жүрек айну әлдеқайда кейін пайда болуы мүмкін. Сондықтан, егер сіз құлағаннан кейін тұрып, әрі қарай жүрсеңіз, сезіміңізге мән беріңіз. Травматологқа барудан тартынбаңыз. Қазіргі қауіпті кезеңге ең ыңғайлы ойық табанды аяқкиімді дайындаңыз. Сыртта кішкене қадамдармен жүріңіз, қолдарыңызды қалтаңыздан шығарыңыз, жүріп жатып телефонмен сөйлесуді қойыңыз.
Травматолог-дәрігер Ғазиз Темірханұлының айтуынша, мұндай ауарайының алғашқы құрбандары таңертеңнен келе бастады. Түске дейін ғана 40-қа жуық адам Орталық қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне түсті.
- Олар сынықтармен, көбінесе білезік буындарындағы сынықтармен келеді, өйткені адам құлағанда қолын қояды, сонымен қатар көгерулер мен созылулар бар. Көбіне қарт адамдар зардап шегеді. Себебі олардың сүйектері әлсіз. Мен жолда мұқият болуға, асықпауға және табаны таймайтын аяқкиім киюге кеңес беремін. 
- Тайғақ баспалдақтар жаяу жүргіншілер үшін өте қауіпті. Мұнда үнемі мұз жатады, әрі сіз баспалдақтан құлап кез келген нәрсені сындыра аласыз. 

Егер сіз құлап қалсаңыз, онда:
1. Өзіңіз көмексіз тұра алатыныңызға көз жеткізіңіз. Егер сіз ауырсынуды сезсеңіз, жақын жердегі жедел жәрдемге хабарласыңыз. Медициналық білімі жоқ адам көгерудің немесе сынудың ауырсынуын ажыратып анықтай алмайды. Егер сіз өздігінен тұра алмасаңыз немесе асқынған ауырсынудың салдарынан қиын болса, ойланбастан жедел жәрдем шақырыңыз, бірақ оны жылы жерде күтуге тырысыңыз.
2. Өзіңіз тұра алдыңыз, бірақ жедел жәрдемге жүгінуге мүмкіндік болмаса, онда жарақат алған жерге суық нәрсе басыңыз. Бұны бірінші күні әр 30 минут сайын 10-15 минуттық үзіліспен жасаған жөн. Айтпақшы, егер үйдің жанында құласаңыз, мұзды тоңазытқыштан табуға болады. Мұздатылған ет бөлігі салқындатқыш ретінде қызмет ете алады. Қатты ауырсыну кезінде ауырсынуды басу үшін дәрі де ішуге болады, бірақ дәрігердің нұсқауынсыз мұны жасамаған жөн. Егер ісіну өссе, дереу дәрігерге барыңыз немесе жедел жәрдем шақырыңыз. Егер құлағанда басыңызды соғып алсаңыз, мұны да дәрігерге айтуды ұмытпаңыз.
3. Аяқ-қол жарақатын алғанда, зақымдалған аяқ-қолдың жүктемесін шектеу қажет. Егер мүмкін болмаса - сіздің жұмысыңыз оны шектеуге мүмкіндік бермесе, сіз дәрігермен кеңесіп, бірнеше күнге еңбекке жарамсыздық парағын алғаныңыз жөн. Осылайша денеңізге жарақаттануды жеңуге көмектесесіз.

Абай болыңыздар!