Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Басты бет / Жаңалықтар / ОҚКА қызметкерлеріне алғыс білдірілді

ОҚКА қызметкерлеріне алғыс білдірілді

29.03.20

​ОҚКА қызметкерлеріне алғыс білдірілді

 

​Бүгін HenryBonnar.kz өкілдері Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне келіп, осынау қиын кезеңде дәрігерлерге халық атынан алғыс айтып, гүл шоқтарын тарту етті.

​«Еліміз үшін қиын-қыстау кезеңде жұмыста болып, адамдардың өмірін сақтап қалу үшін барыңызды салып жатқаныңыз үшін шын жүректен көп рақмет айтқымыз келеді», - деп алғысын білдіріп, жиналған барлық медицина қызметкерлеріне гүл шоқтарын ұсынды.

​«Мұндай қолдау рухымызды көтереді, - дейді аурухананың кезекші дәрігері Марат Әлібекұлы Каленбаев, - Өйткені көптеген медициналық қызметкерлер бұл күндері отбасыларынан бөлек тұрып жатыр және қиын жағдайларға қарамастан, жұмыс істеп, дәрігерлік борышын өтеп жатыр.

​Иә, медбике, дәрігер, әкімшілік бөлімқызметкерлері - бәрі жұмыс істейді. Бірақ, қазір әсіресе аналарға қиын, өйткені оларды үйдебалалары күтіп жатыр...

​Мен жұрттың қолдау көрсетіп, өлең жазып, ән айтқанына, түрлі қолдау флешмобтарын, челлендждерін ұйымдастырғанына қуаныштымын. Бұл бізге күш беріп, рухымызды көтереді».

 

Ұмытпаңыздар, медициналық қызметкерлер сіз үшін жұмыста қалады,

Ал Сіз үйде болыңыз!

 

#BizBirgemiz

#ОҚКА