Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Басты бет / Жаңалықтар / Паникалық шабуыл

Паникалық шабуыл

12.02.20

Үрей, байбалам, қорқыныш, паникалық шабуыл деп жатамыз бүгінгі күні жиі кездесетін мәселелердің бірі.

Үрейді көбіміз қорқыныш деп түсіндіреміз, шын мәнінде, үрей адамның ерекше көңіл-күйін білдіретін ұғым. Ал қорқу белгілі бір сәттерде болатын үрейдің бір көрінісі ғана. Үрей дерт емес, бірақ үрей мен дерттің арасында тығыз байланыс бар. Екеуі де адам үшін азап. Айырмасы: дерт дене азабы болса, үрей жан азабы. Бойын үрей, қорқыныш билеген адамның  сезімі де, санасы да сау  болмай жан азабын кешеді.

Паникалық бұзылыс – түсініксіз қорқыныштардан (паникалық шабуыл) күтпеген ұстамалардың (көкірек тұсының ауруы, жүрек  соғысының жиілеуі, демікпе, бас айналу) пайда болуы. Кейде паникалық шабуылдар жүрек ұстамаларымен имитациялануы мүмкін.
Паникалық шабуыл түрлері:
жүрек соғуының жиілеуі;
тыныс алудың қиындауы;
сөйлеуге мұршасы келмеу;
ауыздың құрғауы;
жоғары артериялық қысым;
асқазан мен жүректің айнуы;
кеуде ауыруы;
дірілдеу;
тұншығу;
бас айналу;
қатты терлеу;
үмітсіздік сезімі.

Егер өзге адам қорықса, қалай көмектесуге болады?
• Адамды жалғыз қалдырмаңыз, өйткені қорқыныш жалғыздықта ауыр өтеді.
• Адамның қорқынышы өте күшті болса, оған бірнеше әдістер қолдануға болады. Мысалы, демін тартып қалу, содан соң қалыпты дем алу.
• Кез келген эмоция ойлау іс-әрекетін қосқанда әлсірейді, сондықтан адамға интеллектуалды әрекет ұсынуға болады. Мысалы, 100-ден 7 мәрте алу әдісі.
• Қорқыныш күйі бәсеңдеген сәтте, адаммен ол неден қорқатыны туралы сөйлесіңіз, адам ішіндегі барлық сезімдерін шығаруы қажет.

Қорқыныш кезінде өз-өзіне қалай көмектесуге болады?
• Қорқыныш ойлау мен әрекет ету қабілетінен айырса, бірнеше әдістерді қолдануға болады. Мысалы, тыныс алу немесе физикалық жаттығулар.
• Қорқынышты не туғызып отырғанын дауыстап айту қажет.
• Егер мүмкіндік болса, өз қайғыңызбен айналадағы адамдармен бөлісіңіз, - аталған қорқыныш азая түседі.
• Қорқыныш жақындап келе жатқанын сезсеңіз, бірнеше тыныс алу жаттығуларын жасауға болады.

Жасауға болмайтын әрекеттер:
«Ол туралы ойлама!», «Бұл түкке тұрғысыз нәрсе!», «Бұл сандырақ!» деп айтпаған жөн. Адам бұндай күйде болғанда, оған қорқыныш эмоционалды тұрғыда ауыр болады.