Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Басты бет / Жаңалықтар / ОҚКА инфекциялық бақылау қызметі

ОҚКА инфекциялық бақылау қызметі

30.01.20

Пациенттердің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселеcі бүгінгі күні бүкіл әлемде халыққа көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің қазіргі заманғы деңгейі аясында өте өзекті болып отыр.
Инфекциялық бақылау қызметіне медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялармен ауырудың эпидемиологиялық анализі, дезинфекция және стерильдеу, санитариялық-гигиеналық жағдайлар, 
пациенттерді күту, оларды оқшаулау режимдері, тамақтану жағдайлары, медициналық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату, қолды өңдеу,
ауруханаішілік жұқпаларды эпидемиологиялық қадағалау, аурухана инфекцияларының алдын алу, емдеу-диагностикалық процесінің инфекциялық қаупін бағалау және тиісінше оларды азайту және жою бойынша іс-шараларды жоспарлау және жүргізу кіреді. "Біздің қызметтің жұмысы әркімге көріне бермейді. Дегенмен, бұдан оның маңызы төмендей қоймайды. Біз тікелей пациенттерді қабылдап, емдемесек те, аурудың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асырамыз. Әсіресе, қазір коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу кезінде бұл өте маңызды", - дейді ОҚКА дәрігер-эпидемиологы Гүлнар Жантуова.

Естеріңізге саламыз, кеше қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров төрағалық ететін коронавирус инфекциясын таратуды ескерту бойынша Өңірлік штаб құрылды.
Еліміздің тұрғыны көп мегаполисінің аумағына коронавирус инфекциясының енуіне және тарауына жол бермеу мақсатында мемлекеттік органдарға Жоспарды орындауды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды.