Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Басты бет / Жаңалықтар / Желтоқсанның бірінші жұлдызы, сондай-ақ, Халықаралық невролог күні.

Желтоқсанның бірінші жұлдызы, сондай-ақ, Халықаралық невролог күні.

01.12.19

Желтоқсанның бірінші жұлдызы, сондай-ақ, Халықаралық невролог күні. Жүйке жүйесі ауруларының себебі мен механизмін анықтау, емдеу және олардан сақтандыру әдістерімен айналысатын дәрігерлердің бүгінгі күні орны бөлек. Жүйке жүйелерінің аурулары өте ертеден белгілі. Бұл ауруларды анықтау барысында Гиппократ,Эрасистрат, Цельс, Гален, Әбу Әли ибн Сина еңбектерінің маңызы зор. Қазақстанда бұл саладағы ғылыми-зерттеулер тұңғыш рет Алматы мемлекеттік медицина институты (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) құрамында жүйке аурулары клиникасы (1935) ашылғаннан кейін қолға алынды. Қазақстанда Невропатология ғылымының негізін қалаған профессорлар: М.Фаризов, Е.М.Стеблев, Б.Атшабаров, А.П.Касаткина, Г.Жанайдарова, В.В.Шидловский, С.Қайшыбаев. Невропатология саласында ауруларды анықтап, оларды емдеу үшін электрэнцефалография, видеомониторинг, компьютерлік магнитті-резонансты томография, ультрадыбысты доплер, т.б. әдістер қолданылады. 

Неврология бөлімшесі – қазіргі уақытта медицинаның ең қажетті саласының бірі. Жүйке жүйесі ауруларының кең таралуы жайсыз экологиялық ахуалмен, соңғы кездегі қоғам дертіне айналған, жиі күйзеліске ұшыраумен, эмоционалдық жүктеменің ауырлығымен тығыз байланысты. Неврологиялық аурулар адамның өмір сапасын айтарлықтай төмендетеді, себебі ауырсынулар жиі қайталанып, еске сақтау қабілеті нашарлап, қимыл-қозғалысы бәсеңдейді.
ОҚКА неврология бөлімшесі
1996 жылдың 5 наурызынан бастап жұмыс істейді. 

Бөлімшеде неврологиялық ауруларды емдеу және диагностика жүргізіледі.
- бас ми тамырлары аурулары,
- жүйке жүйесінің қабынба аурулары,
- миелинсіздендіру аурулары (ұмытшақ склерозы, ұмытшақ энцефаломиелиті),
- бүйір амиотрофикалық склерозы,
- миастения,
- сирингомиелия,
- қояншық,
- жүйке-бұлшықеттік жүйесінің зақымдануы,
- жүйке жүйесі жарақатының зардабтары.

Барлық науқастарға неврологиялық және соматикалық статусты есепке алумен зерттеулер жүргізіледі. Қажет болған жағдайда басқа да мамандар кеңестер жүргізіп, қосымша зерттеулер жүргізіледі: бас ми МРТ, омыртқа МРТ, бас ми КТ, ЭЭГ, құрсақ қуысы ағзаларына УДЗ және т.б.
Бұдан басқа, дәрі-дәрмекті терапия, көрсеткіштері бойынша физиоемдеу тағайындалады, гипербарикалық оксигенация, массаж, мануалды терапия, емдік денешынықтыру, инелік терапия, сумен емдеу, гирудотерапия.
  
Бөлімшеде емдеудің заманауи әдістері белсенді енгізілді:
1. Дегенеративті-дистрофиялық омыртқа ауруларын емдеуге арналған – бел омыртқалары омыртқажанылық аймағына Алфлутоп препаратымен трансдермальды электрофорез.
2. Перифериялық жүйке жүйесінің вертеброгенді ауруларында ауру синдромын тоқтату үшін -  краниосакралды терапиямен қосарлы техника.
3. Ишемиялық инсульттан ауысқан ерте қалпына келтіру кезеңінде қозғалу бұзылушылығында науқастарға аппаратты кинезотерапия («ДискБайк аппараты, «Жүгіру жолы» және «Манупед».)

Бөлімше базасында дәрігерлер білімін жетілдіру дәстүрлі медицина институты кафедрасының қызметкерлері жұмыс істейді. Бөлімшеге м.ғ.к., доцент, ҚазМУНО жүйке жүйесі аурулары кафедрасының меңгерушісі Ізбасарова Ақмарал Шаймерденқызы жетекшілік етеді. 
Кафедра қызметкерлері ОҚКА неврологиялық бөлімше базасында белсенді кеңестік-диагностикалық жұмыстарды атқарады. Оқыту және емдеу үдерісінде неврологиялық ауруларды емдеу және диагностикасында үнемі заманауи халықаралық стандарттар енгізіліп отырады.
Мұнда 15 мыңнан астам дәрігер-курсант терапиялық, кардиологиялық, ревматологиялық бейінде мамандандырудан және білімдерін жетілдіруден өтті.