Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Басты бет / Жаңалықтар / Алғыс айту күніне орай ОҚКА салтанатты жиналыс өтті

Алғыс айту күніне орай ОҚКА салтанатты жиналыс өтті

01.03.19

Бүгін ОҚКА Алғыс айту күніне орай салтанатты жиналыс өткізілді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында Алғыс айту күні мерекесін өткізу қажеттілігі туралы атап айтты. Алғыс айту күнінің  басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту болып табылады. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, «Бұл күн -  мейірімділік, өзара көмек және бір-біріне деген құрмет қазақтың киелі топырағында күллі қазақстандықтар көздің қарашығындай сақтайтын әрі мақтан тұтатын достық пен өзара түсінушіліктің бірегей атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік береді» - деп атап өтті Елбасы.

Біздің тәуелсіз Қазақстан елімізде 17 діни конфессия өкілдері және 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады тұрады. Осыған байланысты Қазақстанда ұлтаралық ахуалда барлық жағдайлар жасалған.

         Алғыс айту күнінде адамдар тек қана ризашылықтарын ғана білдіріп қоймай, сонымен қатар көптеген мұқтаж жандарға көмектер көрсетіліп жатады. ОҚКА 18 көпбалалы ана жұмыс істейді. Ақпан айынан бастап, басшылық барлық осы көпбалалы аналардың еңбекақысын 100 мың теңгеге дейін көтеруге шешім қабылдады.