Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Басты бет / Жаңалықтар / ОҚКА нейрохирургиялық бөлімше ашылды

ОҚКА нейрохирургиялық бөлімше ашылды

13.02.19

  

2019 жылы ақпанда Орталық қалалық клиникалық ауруханада Алматы қаласы Бостандық және Медеу ауданындағы орталық және шеткі жүйке жүйесі жарақаттарымен ауырған пациенттерді кешенді нейрохирургиялық қолдауды қамтамасыз етуге арналған нейрохирургиялық бөлімше ашылды. Бөлімше 20 орынға есептелген. Ауруханаға жатқызу шұғыл түрде және емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жүзеге асады. Бөлімше меңгерушісі жоғары санатты нейрохирург дәрігері Сулейменов Ермек Халийбекович.

Бөлімшеде мынадай патологияларды емдейтін хирургиялық емдеу және заманауи және диагностиканың тиімді әдістері енгізілді.

- Орталық және шеткі жүйке жүйесі жарақаттары

- Омыртқаның дегенеративті аурулары 

- Орталық және шеткі жүйке жүйелерінің жаңадан пайда болуы

- Ми қанайналым жіті бұзылуы 

 

Диагностика үшін магниттік-резонанстық томография (МРТ) кең қолданылады, ал операция бөлімінде ангиографиялық қондырғы қолданылады. Жақын уақытта операция бөлімінде нейромониторинг және эндоскопиялық бағандар қойылады. Нейрохирургтың жұмысы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Операциядағы кез-келген қателік өте қымбатқа түсуі мүмкін. Көбінесе нейрохирургтар жедел көмек бригадасымен келген шұғыл науқастарға ота жасайды. Сол кезде операцияның сәтті өтуі үшін дәрігер кәсіпқой, шешім қабылдай білу және сабырлылық танытуы қажет. ОҚКА жедел көмек көрсету үшін 1953 жылы туылған пациент Г. омыртқаның жаншылып сынуы диагнозымен ауруханаға келіп түсті. Науқасқа омыртқалық пластик хирургиялық араласулармен  кіші инвазивті операция жасау керектігі шешілді. Отаны бірінші санатты нейрохирург дәрігері  Калиев Рустем Сагынтаевич жасады. Пациентке ота жергілікті жансыздандыру арқылы жасалды, одан кейін нейрохирург денедегі зақымданған омыртқаға арнайы қоспа енгізілген метал ине арқылы   антибиотик және цементті енгізді. Артынан пациенттің денесінен инені алып шығып, операция жарасына таңғыш байлады. 6 минуттан соң енгізілген цемент қатты және омыртқа денесіне бекіді. 6 сағаттан соң пациент созылмалы белбеу (корсет) киіп, өздігінен қозғалуға мүмкіндік алды. Бұл операция мынадай бірегейлігімен ерекшеленді: хирургиялық араласулар арқылы терең тілік болмайды, қан кету болмайды, жалпы наркоз қолданылмайды, иненің қозғалысын бақылап отыратын жаңа әдістер қолданылады, операциядан кейін бірнеше сағаттан соң пациент өздігінен қозғала алады.          

 Атап өту керек, операциядағы барлық амалдар ангиографиялық жүйе Artis zee қадағалауымен өткізілді. Қарапайым тілмен айтқанда, омыртқаны және иненің қозғалысын нақты уақытында барлық амалдарды манитордан көруге мүмкіндік болды.   

Заманауи құрал-жабдықтар, емдеудегі жаңа әдістер және дәрігер кәсіпқойлығы қазіргі таңда ең қиын деген жағдайдан науқасты аман алып алып қалуға зор мүмкіндік туғызып отыр.