Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Главная / Отделения / Консультациялық-диагностикалық бөлімше

Консультациялық-диагностикалық бөлімше (КДБ) - кез келген аурухананың басты бөлімшелерінің бірі.
ОҚКА КДБ - тұрғындарға медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс, тұрғылықты жеріне қарамастан, ақылы амбулаторлық-емханалық көмек көрсетеді. КДБ қаладағы кәсіпқой медициналық персоналдан және медициналық институт оқытушыларынан,
жоғары білікті профессорлардан консультациялық медициналық көмек алатын негізгі база болып табылады.
Мұнда жыл сайын 70 мың пациентке дейін медициналық көмек көрсетіледі.
КДБ-да пациенттер үшін жоғары жайлы жағдайлар жасалған.

Аурухана қаланың орталығында орналасқан. Пациенттер ыңғайлығы үшін түскі үзіліс кезінде 1-2 сағат емдік шаралар қабылдау үшін күндізгі стационар қызметін көрсетеді.
КДБ жұмыс кестесі:
дүйсенбі-жұма аралығында 08:00-ден 16:00-ге дейін,
Жексенбі, қалған сенбі күндері және мереке күндері - демалыс.


КДБ келісім негізінде барлық медициналық көмек түрін көрсетеді. Үлкен ұйымдар мен мекемелерде қызметкерлерді ұжымдық профилактикалық медициналық тексеруден өткізу үшін жоғары жағдайлар жасалған.
КДБ өткізу қабілеті - күніне 60-80 адам.
Күнделікті 20-дан астам маман дәрігер науқастарға қабылдау жүргізеді.
Сонымен қатар, КДБ-да көрсеткіштер бойынша стационарға емдеуге жолдайтын аурухананың стационар бөлімшелерінің меңгерушілері де қабылдау жүргізеді.

КДБ келесі емдік шаралар және диагностикалық зерттеулер түрін ұсынады:
Құрсақ қуысы ағзаларын, бүйрек және бүйрек үсті безі, сүт және қалқанша бездері, кіші жамбас органдарын қынаптық және ректальды УДЗ;
жұмсақ тіндерді, лимфалық түйін, жоғары төмен аяқ-қол тамырларына УДЗГ;
эхокардиография;
мойын және бас УДЗГ;
электроэнцефалография;
эхоэнцефалография;
компьютерлік электрокардиография (ЭКГ);
холтер-артериалды қан қысымын тәуліктік өлшеу;
емдік шаралар және эндоскопиялық диагностикалық зерттеулерлер бейнесі: ФГДС,
бронхоскопия, колоноскопия, ретроградты холангиография;
ректороманоскопия бейнесі;
спирография және пневмотахометрия;
кольпоскопия;
уропроктокор;
экстракорпоральды соққылы толқынды терапия (ESWT);
офтальмологиялық диагностикалық зерттеулер;
көздің жітілігін тексеру, көзілдірік таңдау (жай, күрделі); биомикроскопия, офтальмоскопия,
қол тигізбей тонометрия, тонография, автокерат-рефрактометрия,
көздің компьютерлік сызығы,
КОА,
көздің ортасына УДЗ, ИОЛ есебі, циклоскопия,
лазерлік хирургия, көздің алдыңғы бөлігіне амбулаторлық ота жасау;
визометрия – көздің жітілігін анықтау;
көзілдірік түзету (жай, күрделі) – әр түрлі миопия кезінде көзілдірік таңдау, гиперметропия және астигматизм;
биомикроскопия – көздің алдыңғы бөлігін және оптикалық көз ортасын үлкейтіп тексеру;
офтальмоскопия – көздің түбінің орталық аймағын тексеру;
байланыссыз тонометрия – көздің қасаң қабығында автоматты талдаулардың көмегімен көздің ішкі қысымын өлшеу;
автокераторефрактометрия – аметропия түрін анықтау (миопия, гиперметропия, астигматизм), қисықтық радиусы және көздің мүйізгек қабығының сынуы;
компьютерлік периметрия (көз шегін анықтау) – сфералық бетіне көру проекциясымен көру шегін зерттеу әдісі;
көру шегі – қараудың фиксациясы мен бас қозғалмаған кезде көз көретін кеңістік бөлігі;
көз шегін анықтау (КША)
– көздің ортаңғы шегінің ерте бұзылуын, көздің ішкі тор қабықтарының сары дақ дистрофиясы және өзіне тән глаукомасын іздеуге арналған.

Медициналық комиссия түрлері:
- көлік құралдарының жүргізушілері үшін (№073/у нысаны);
- жұмысқа орналасу, оқу орнына тапсырушы талапкер үшін (№075/у нысаны);
- азаматтық алу, визалар, тіркелу және т.б. үшін (№086/у нысаны);
- кез келген сұрақ бойынша шет елге шығу, соның ішінде Қажылық үшін (№082/у нысаны)
- қаруды алып жүру және сатып алу үшін (№076/у нысаны)

Профилактикалық тексерулер: профилактикалық тексерулердің барлық түрлері, дәрігер профпатологтың қорытынды актісін беру, мерзімді кәсіптік патология, жұмысқа рұқсат етілген медициналық кітапша (санитарлық) және т.б.

Медициналық куәландыру: көлік құралдарын жүргізушілерін ауысымдық медициналық куәландыру, еңбек ұйымдарында қауіпті және зиян жұмыс жағдайлары және келісім бойынша басқа да түрлері.

Шарт негізінде сақтандыру компаниялары мен басқа да ұйымдарға медициналық қызметтердің барлық түрлері ұсынылады.

Регистратура телефондары:
+7 (727) 274-82-61

+7 (727) 274-46-43

БАҒА ТІЗІМІ


doc-1
doc-1
doc-1

Наименование услуг Единица измерения Сумма (тг.)