Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Главная / Отделения / Қабылдау бөлімі

ОҚКА қабылдау бөлімшесі аурухана ашылғаннан бастап жұмыс істейді


ОҚКА қабылдау бөлімшесі Алматы қаласы Медеу және Бостандық ауданы тұрғындарына тәулікбойы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсетеді. Қабылдау бөлімшесінде 48 дәрігер, оның ішінде: 6 ғылым кандидаты, 12 жоғары білікті санатты және 10 дәрігер бірінші білікті санатты. Дәрігерлер шұғыл науқастарға тәулік бойы ҚазҰМУ кафедра қызметкерлерімен бірлесіп қабылдау жүргізеді.

Қабылдау бөлімінің дәрігерлері

 

ОҚКА қабылдау бөлімшесі аурухана ашылғаннан бастап жұмыс істейді

ОҚКА қабылдау бөлімшесі Алматы қаласы Медеу және Бостандық ауданы тұрғындарына тәулікбойы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсетеді. Қабылдау бөлімшесінде 48 дәрігер, оның ішінде: 6 ғылым кандидаты, 12 жоғары білікті санатты және 10 дәрігер бірінші білікті санатты. Дәрігерлер шұғыл науқастарға тәулік бойы ҚазҰМУ кафедра қызметкерлерімен бірлесіп қабылдау жүргізеді.

Қабылдау бөлімшесі келесі кабинеттер қызметтер көрсетеді:

Хирургия

Қабылдау бөлімінің хирургия кабинетінде хирург дәрігерлері жұмыс істейді. Хирургтар барлық шұғыл оталарды жасайды. Лапароскопиялық және эндоскопиялық хирургия әдістерін белсенді орындайды. Операция бөлмесі KarlStorz лапароскопиялық бағанмен жабдықталған.


Шұғыл тәртіпте оперативтік емдеулерді жүргізеді: жіті аппендецит және холецистит кезінде - Лапароскопиялық аппендэктомия және холецистэктомия. Перфоративті асқазан жарасында және он екі елі ішек кезінде – ойық жараны тігу, асқазан резекциясы. Жарық ауруы кезінде – пластикамен жарыққа операция қосу (кіндік жарығы, ішкі жарық, шап жарығы). Жабыспа ауруы кезінде – ішек жабыспасын кесу. Жарақат кезінде – бауыр және өкпе жарақатын тігу, спленэктомия. Ішек ісігінде - гемиколэктомия , Гартман отасы.

Терапия

Терапиялық қабылдау бөліміне әртүрлі терапиялық аурулар, бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шеккен науқастар жүгінеді. Жіті қан тамыры патологиясының шұғыл диагностикасы үшін ЭКГ кабинеті ашылған.

Неврология

Неврологиялық қабылдау бөліміне ми қан айналымы бұзылған және жүйке жүйесі ауруларымен ауырған пациенттер жүгінеді.

Травматология

Травматологиялық орында күрделі және оқшауланған жарақаттары бар пациенттерге көмек көрсетіледі. Шұғыл жағдайда заманауи сүйек кемігі ішілік және сүйек кемігінен тыс металлоконструкция қолданумен оперативті емдеу жүргізіледі. Омыртқаның қыспа сынығында вертебропластик немесе транспедикулярлық фиксация жүргізіледі. Операция бөлімінде «С» басқа рентген аппараты пайдаланылады. Шұғыл артроскопия енгізу жоспарлануда.

 
Урология

Урология кабинетінде несеп-жыныс жүйесі жарақаты ауруымен пациенттерге шұғыл медициналық көмек көрсетіледі. Цистоскопия, Орхоэпидидимитте кезінде Бергман операциясы жасалады, ДГПЖ кезінде Цистофкс  орнатылады.

Гинекология

Гинекология кабинетінде барлық шұғыл науқастарға қабылдау жүргізіледі. Аталған аурулар контингентіне жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі. Қажеттілікке байланысты гистероскопия жасалады. Жатырдан тыс жүктілік кезінде шұғыл түрде оперативтік емдеу, қынаптың жыртылуын тігу жүргізіледі.


Офтальмология


Офтальмолог дәрігерлері Алматы қаласы тұрғындарына көз жарақаты және аурулары кезінде заманауи жабдықтар қолданумен шұғыл көмек көрсетеді.
 

Тамырлы хирургия

Тамырлы хирургия Алматы қаласының тұрғындарына тамыр жарақатында және тамырлы аурулар кезінде медициналық көмек көрсетіледі. Медициналық көмек көрсету үшін басқа емдік мекемелерге шығады. Шұғыл түрде келесі оталар жасалады: АББШ, АББП, тамырлы протездеу, профундопластика, тромбэмболэктомия және т.б.

 
Реанимациялық зал:

Жағдайы ауыр науқастар қабылдау бөлімінің электроотсос, жасанды өкпе желдетілуге арналған аппараты бар, дәрілік заттар тізімімен толық қамтамасыз етілген  реанимациялық залында жатқызылады.

Сонымен қатар, УДЗ, КТ, рентген кабинеті, зертхана, эндоскопия тәулік бойы жұмыс істейді. Барлық диагностикалық кабинеттер заманауи жабдықтармен жабдықталған.


doc-1
doc-1
doc-1
doc-1
doc-1
doc-1

Наименование услуг Единица измерения Сумма (тг.)