Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Главная / Отделения / Неврология бөлімшесі

Ақылы неврология бөлімшесі

1996 жылдың 5 наурызынан бастап жұмыс жасайды. №2 неврология бөлімшесінде Алматы қаласының барлық аудандарынан және басқа қалалардан келіп емделуге жатады.  25 төсек орын бар.

Бөлімшеде неврологиялық ауруларды емдеу және диагностикасы жүргізіледі.

- бас ми тамырлы аурулары,
- жүйке жүйесінің қабынба аурулары,
- миелинсіздендіру аурулары (ұмытшақ склерозы, ұмытшақ энцефаломиелиті),
- бүйір амиотрофикалық склерозы,
- миастения,
- сирингомиелия,
- қояншық,
- жүйке-бұлшықеттік жүйесінің зақымдануы,
- жүйке жүйесі жарақатының зардабы,

Барлық науқастарға неврологиялық және соматикалық статусты есепке алумен зерттеулер жүргізіледі. Қажет болған жағдайда басқа да мамандар кеңестер жүргізіп, қосымша зерттеулер жүргізіледі: бас ми МРТ, омыртқа МРТ, бас ми КТ, ЭЭГ, құрсақ қуысы ағзаларына УДЗ және т.б.    Бұдан басқа, дәрі-дәрмекті терапия, көрсеткіштері бойынша физиоемдеу тағайындалады, гипербарикалық оксигенация, массаж, мануалды терапия, емдік денешынықтыру, инелік терапия, сумен емдеу, гирудотерапия.
  
Бөлімшеде емдеудің заманауи әдістері белсенді енгізілді:

1. Дегенеративті-дистрофиялық омыртқа ауруларын емдеуге арналған – бел омыртқалары омыртқажанылық аймағына Алфлутоп препаратымен трансдермальды электрофорез.

2. Перифериялық жүйке жүйесінің вертеброгенді ауруларында ауру синдромын тоқтату үшін -  краниосакралды терапиямен  қосарлы техника.

3. Ишемиялық инсульттан ауысқан ерте қалпына келтіру кезеңінде қозғалу бұзылушылығында науқастарға  аппаратты кинезотерапия  («ДискБайк аппараты, «Жүгіру жолы» және «Манупед».)

Бөлімше базасында дәрігерлер білімін жетілдіру дәстүрлі медицина институты кафедрасының қызметкерлері жұмыс істейді (профессор, м.ғ.д.. А.В.Чемерис). Бөлімшеге  Курирует отделение м.ғ.к., доцент, ҚазМУНО жүйке жүйесі аурулары кафедрасының меңгерушісі Г.С. Кайшибаева жетекшілік етеді. Кафедра қызметкерлері медицина ғылымының кандидаты, доцент Жумагулова К.Г., доцент Жиенбаева Б.С. жұмыс істейді.

Кафедра қызметкерлері ОҚКА ақылы неврологиялық бөлімше базасында белсенді кеңестік-диагностикалық жұмыстарды атқарады. Оқыту және емдеу үдерісінде неврологиялық ауруларды емдеу және диагностикасында  үнемі заманауи халықаралық стандарттар енгізіліп отырады.

Мұнда  15000 астам дәрігер-курсанттар  терапиялық, кардиологиялық, ревматологиялық бейінде мамандандырудан және білімдерін жетілдіруден өтті.

Біздің жетістіктеріміз

Кафедра базасында орындалады:

4 докторлық диссертация
20 кандидаттық диссертациядан артық
30 монография және әдістемелік жәрдемнен артық
40 астам өнертабыс патенті



Наименование услуг Единица измерения Сумма (тг.)